Бадминтоннан Ұлттық құрама спортшысы Дмитрий Панарин Париж Олимпиадасының жолдамасына иелік етті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Дмитрий олимпиадалық рейтингте 25005 ұпаймен 31-орынға тұрақтады. Сондай-ақ Қазақстан командалық есепте алғашқы 25 елдің қатарына кірді.
Қостанайлық спортшы бадминтоннан барлық санаттағы олимпия ойындарында сынға түскен тұңғыш қазақстандық болмақ. Ол осыған дейін 2018 жылы Аргентина астанасы Буэнос-Айресте өткен жасөспірімдер Олимпиадасында сынға түскен. Ендігі кезек ересектер арасындағы басты бәсекеге келді.
Қазір Қазақстан делегациясында 13 спорт түрінен 33 лицензия (31 спортшы) бар.