Регби 7-ден еліміздің əйелдер құрамасы Португалияның Алгарве өңірінде өткен IV халықаралық турнирде топ жарды. Біздің регбишілер жарысты В тобында бастап, 3 матчта да қарсыласынан ірі есеппен басым түсті. Сосын, ширек финалда Англияның Sketty Hoops клубын (48-5), жартылай финалда жарыс қожайыны Португалия клубын (36-5) жеңді. Ал ақтық сында Франциядан келген Landes sevens командасын ұтты. Есеп: 14-12.
Algarve Sevens – биыл 4-рет ұйымдастырылған халықаралық жарыс. Соған қарамастан жыл сайын көптеген құрама мен клуб қызығушылығық танытып келе жатыр. Биыл ерлер мен әйелдерді қосқанда 60 команда бақ сынады.