Көркем гимнастикадан Ташкентте (Өзбекстан) лицензиялық Азия чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Іріктеудің алғашқы күні топтық сында Қазақстан құрамасы бес шығыршықпен, екі доп, үш лентамен жаттығуда жалпы 61.30 ұпаймен 3-орын алып, финалға шықты. Ақтық сайыстар 4 мамырға дейін жалғасады.

Айта кетейік, сары құрлық бәсекесіне барлығы 17 елден 90-нан астам спортшы бақ сынап жатыр.

Суреттер: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.