Қазақстан құрамасы Ханчжоуда өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында эстафетада қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
4×400 метрге жүгіруде Дмитрий Коблов, Давид Ефремов, Александра Залюбовская мен Аделина Земс квартеті Бахрейн (3:14.02) мен Үндістаннан (3:14.34) кейінгі 3-ші нәтиже көрсетті. Ұлттық құраманың уақыт көрсеткіші 3:24.85 секунд.
Есіңізге сала кетейік, Джакартадағы ойындарда аралас эстафетада Ұлттық құрама күміс жүлде алған.