22.02.2025 | 12:48
Бөлісу:
ҚАЗАҚСТАН САДАҚ АТУДАН АЗИЯ КУБОГЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІНДЕ 3 КҮМІС МЕДАЛЬГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ
Садақ атудан 2025 жылдың бірінші халықаралық жарысы саналатын Таиландтағы Азия кубогының кезеңі Ұлттық құрама үшін сәтті аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Құралмалы садақ, әйелдер:
Сеунгиеон Хан
Роксана Юнусова
Гиса Биборди
Роксана жарыс барысында 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері (командалық) Иохюн Охты жарыс жолынан шығарды. Ал финалда Сеунгиеон Ханға 142:145 есебімен жол берді.
Құралмалы садақ, аралас жұптық сайыс:
Малайзия
Қазақстан (Андрей Тютюн мен Виктория Лян)
Оңтүстік Корея
Отандастарымыз жартылай финалда басты фаворит саналған Оңтүстік Кореядан (2019 жылғы әлем чемпионы (командалық) Жаевон Янг пен 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері (командалық) Иохюн Ох) басым түсті.
Құралмалы садақ, әйелдер, командалық жарыс:
Оңтүстік Корея
Қазақстан (Виктория Лян, Адель Жексенбинова, Роксана Юнусова)
Үндістан
Біздің команда жартылай финалда 2023 жылғы әлем чемпионы Үндістаннан мықтылығын дәлелдеді. Қарсылас сапында жастар арасында әлем чемпионы атағы бар Авнит Каур өнер көрсетті. Өкінішке қарай, Олимпиада бағдарламасына кіретін классикалық садақ атудан ерлер құрамасы жүлдеге сәл жетпей, 4-орынға тұрақтады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ САДАҚ АТУДАН ТАРИХИ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
САДАҚ АТУДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА КІМДЕР ҚАТЫСАДЫ?
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА САДАҚ АТУДАН VI ЖАСТАР СПОРТ ОЙЫНДАРЫ БАСТАЛДЫ.
САДАҚ АТУ: ҚАЗАҚСТАН АЗИЯ КУБОГЫНДА ТАҒЫ АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ