Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА САДАҚ АТУДАН VI ЖАСТАР СПОРТ ОЙЫНДАРЫ БАСТАЛДЫ.

Ұқсас жаңалықтар

Ақмола облысының Щучинск қаласында садақ атудан VI жастар спорт ойындары өтуде, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Еліміздің 10 облысынан келген 123 спортшы екі бағдарлама бойынша сынға түсуде. Атап айтсақ, ол классикалық (70 м қашықтықта) және блоктық садақ ату (50 м). Ертең классикалық садақ атудан алғашқы іріктеу бәсекелері басталады.14 пен 21 жас аралығындағы жас атлеттер 1 апта бойы өзара кім мықтыны анықтайды. Байрақты бәсеке 7-ші тамызға дейін жалғасады.