04.09.2025 | 10:21

САДАҚ АТУДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА КІМДЕР ҚАТЫСАДЫ?

Араға 16 жыл салып, садақ атудан жаһандық доданы әлемдік көшбасшылардың бірі – Оңтүстік Корея қайта қабылдайды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

5-12 қыркүйек аралығында Кванджу қаласында өтетін әлем чемпионатында Қазақстан атынан 12 спортшы сынға түседі.

Классикалық садақ ату: Ильфат Абдуллин (2 Олимпиаданың қатысушысы), Дастан Каримов, Иван Берча, Самира Жұмағұлова, Диана Тұрсынбек, Александра Землянова

Құралмалы садақ ату: Андрей Тютюн, Акбарали Қарабаев, Ділмұхамед Мұса, Адель Жексенбинова, Виктория Лян, Роксана Юнусова.

Әлем чемпионатының тарихында Қазақстан 1 ғана жүлде алған. 1993 жылы классикалық садақ атудан әйелдер сайысында Яна Туниянц қола жүлдеге ие болған.

Ұлттық құраманың қазіргі бабы қандай?

Маусым айында отандастарымыз Сингапурде өткен Азия кубогының II кезеңінде құралмалы садақ атудан 2 алтын және 1 қола медаль жеңіп алды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес