Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Қазақстан самбодан жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионатында 2-орын алды

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін Арменияның Ереван қаласында самбодан алғаш рет ұйымдастырылған жасөспірімдер, жастар мен кадеттер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Бұл бәсекеге 24 ел өз спортшыларын алып келді.

Олар: Қазақстан, Армения, Болгария, Колумбия, Кипр, Германия, Грекия, Грузия, Израиль, Исландия, Италия, Қырғызстан, Оңтүстік Корея, Латвия, Молдова, Моңғолия, Румыния, Сербия, Тәжікстан, АҚШ, Өзбекстан. Сондай-ақ Ресей, Беларусь пен Франция құрамасы Халықаралық самбо федерациясының атынан сынға түсті.

Төрт күн бойы кадеттер (2006-2008 ж.т) 9 салмақта, жастар (2004-2006 ж.т) 8 салмақта, жасөспірімдер (2002-2004 ж.т) 7 салмақта сынға түсті.

Жалпы есепте Қазақстан құрамасы 42 медаль – 5 алтын, 14 күміс және 24 қоламен 2-орын алды. Ұлттық құрама Ереванға 55 самбошы апарды. Ұлттық құрама сапындағы тұңғыш чемпион – Ильзат Асиев (58 кг). Көш басында 51 жүлдесі (39 алтын, 7 күміс, 5 қола) бар FIAS құрамасы тұрса, үштікті Өзбекстан (3 алтын, 7 күміс, 7 қола) түйіндеді.

Айта кетейік, биыл самбодан ересектер арасындағы Әлем чемпионаты 11-13 қараша аралығында Қырғыз Республикасының астанасы Бішкекте өтеді. Онда 21 салмақта (ерлер 7, әйелдер 7, ерлер жауынгерлік самбодан 7) жеңімпаз анықталады. Бәсекенің жалпы жүлде қоры – 231 мың АҚШ доллары.