Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Қазақстандық екі шахматшы Азия чемпионатында үздік бестікте

Ұқсас жаңалықтар

Алматы қаласындағы шахматтан Азия чемпионатында әйелдер арасында жүлдегерлер анықталды. Алтын мен күмісті Үндістан шахматшылары – 7,5 ұпай жинаған Дивья Дешмух (ФИДЕ рейтингі 2389) мен 6,5 ұпайы бар Мари Анн Гомес (ФИДЕ рейтингі 2315) иеленді. Үшінші орын моңғолиялық Батхуягийн Монгонтуулға (ФИДЕ рейтингі 2397,ф66) бұйырды.

Үздік бестікке біздің Ксения Балабаева (ФИДЕ рейтингі 2186) пен Әмина Қайырбекова (ФИДЕ рейтингі 2146) енді. Жеңіс тұғырына шығуға жарты ұпай жетпесе де, қазақстандық шахматшылар жарқын ойын өрнегін көрсетті. Оларға алдағы турнирлерде, соның ішінде Бакуде өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.