Италияның Терамо қаласында қол добынан ерлер арасында Əлем Кубогының кезеңі аяқталды. Барлығы 8 құрама қатысқан бəсекеде Қазақстан тек Тунис құрамасына есе жіберіп, 2-орын алды. Үздік үштікті жарыс қожайыны Италия түйіндесе, одан кейінгі сатыға Тайпей мен Қытайдың гандболшылары жайғасты.
Аға бапкер Махсадбек Нарметов бастап барған команданың тең жартысы Ұлттық құраманың негізгі ойыншылары саналады.