Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Ризабек Айтмұхан тағы Азия чемпионатының финалына шықты

Ұқсас жаңалықтар

Әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан Бішкекте өтіп жатқан күрестен Азия чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама палуаны 97 кг дейінгі салмақтың жартылай финалында Үндістан өкілін мерзімінен бұрын тізе бүктірді. Ризабек осыған дейін Бішкек бозкілемдерінде өзбекстандық Махсұд Вейсалов пен қырғыз Андрей Ароновты жеңген. Ақтық сында ол Бахрейн спортшысы Ахмед Тажудинов немесе ирандық Мұхаммадхосейн Мұхаммадианмен күш сынасады.

Айта кетейік, Ризабек былтыр Астанада өткен сары құрлық чемпионатында күміс медаль алған.

Сурет: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.