18.06.2025 | 20:21
Бөлісу:
САДАҚ АТУДАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ АЗИЯ КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ
Сингапур қаласында садақ атудан Азия кубогының 2-кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бүгін құралмалы садақ дисциплинасында командалық бәсекенің іріктеуі аяқталды. Нәтижесінде Қазақстан ерлер құрамасы финалға жолдама алды. Енді 20 маусымда Андрей Тютюн, Мұса Ділмұхамет, Буниед Мирзаметов үштігі Үндістан спортшылармен бас жүлдені сарапқа салады.
Осыған дейін Қазақстан жарыста бір медаль жеңіп алған. Құралмалы садақпен (Compound bow) атудан Қазақстан әйелдер құрамасы қола медаль иеленді. Олар кіші финалда Бангладеш командасынан 230-224 есебімен басым түсті. Құрамада Аделя Жексенбинова, Роксана Юнусова, Виктория Лян сынға түсті.
Ертең аралас жұптық сынның іріктеуі жоспарланған. Айта кетейік, бұл кезең 20 маусымда аяқталады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ САДАҚ АТУДАН ТАРИХИ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
САДАҚ АТУДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА КІМДЕР ҚАТЫСАДЫ?
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА САДАҚ АТУДАН VI ЖАСТАР СПОРТ ОЙЫНДАРЫ БАСТАЛДЫ.
САДАҚ АТУ: ҚАЗАҚСТАН АЗИЯ КУБОГЫНДА ТАҒЫ АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ