Париж Олимпиадасында садақ атудан командалық сында Қазақстан құрамасы 1/8 айналымда Италияға 4-5 есебімен жол берді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Кездесу барысында біздің мергендер 0-2 есебімен жеңіліп жатып, таразы басын теңестірді (2-2). Алайда шешуші сәтте қарсыластар дәлдік танытты.
Енді Италия ширек финалда Франциямен сынасады. Ал біздің спортшылар ертең жекелей сында өнер көрсетеді.