Германиядағы ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті,
Таеквондодан 67 келіде сынға түскен отандасымыз Самирхон Абабакиров ақтық сайыста Түркия өкілін жеңіп, алтыннан алқа тақты.
Самирхон Абабакировтың жарыстағы жолы:
Финал. Түркия өкілі Омер Фарук Дайоглуды 2:0 есебімен жеңді.
Жартылай финал. Тунис өкілі Мохамед Халил Джендубиден 2:0 есебімен басым түсті.
Ширек финал. Канада өкілі Йохан Чангты 2:0 есебімен ұтты.
1/8 финал. Сауд Арабиясы өкілі Абдулла Алькумизиді 2:0 есебімен жеңді.
1/16 финал. Израиль өкілі Ори Торгеманды 2:0 есебімен ұтты.