24.07.2025 | 21:41
Бөлісу:
САРКИСЯН МЕН ҚҰРАЛБЕКҰЛЫ СЕМСЕРЛЕСУДЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ 1/64 КЕЗЕҢІНЕ ШЫҚТЫ
Тбилисиде семсерлесуден өтіп жатқан әлем чемпионатында ерлер арасындағы қылыш сайысының іріктеу кезеңдері өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Қазақстан атынан Артем Саркисян, Назарбай Саттархан, Бақдәулет Құралбекұлы және Жанат Нәбиев қатысты. Төртеуі де топтық кезеңнен сәтті өткенімен, екеуі ғана плей-оффтың алғашқы айналымынан өте алды.
Назарбай Саттархан - Исламбек Абдазов 9:15
Жанат Нәбиев - Кшиштоф Качковский 4:15
Артем Саркисян - Яго Моран 15:13
Бақдәулет Құралбекұлы - Амаар Аламмари 15:12
Осылайша, Артём Саркисян мен Бақдәулет Құралбекұлы әлем чемпионатының 1/64 финалына жолдама алды. Ертең таңертең Артём Түркия өкілі Энвер Йылдырыммен кездесесе, Бақдәулет мысырлық Зияд Эльсиссимен күш сынасады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
ҚАЗАҚСТАН СЕМСЕРЛЕСУШІЛЕРІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫН ЖЕҢІП КЕТТІ