Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Баскетболшылар Азиаданың ширек финалында сүрінді

Ұқсас жаңалықтар

Баскетболдан еліміздің ерлер құрамасы Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарының жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ширек финалда Ұлттық құрама Тайпэймен шеберлік байқасып, 62-83 есебімен жеңіліп қалды. Қазақстан сапынан Роберт Пан 23 ұпай жинаса, қарсыластан Цзянь Тин Лин 19 ұпаймен құрамасының басымдығын арттыра түсті.

Ертеректе Александр Лыссяк баптайтын команда А тобына түсіп, БАӘ құрамасын (59-49) жеңіп, Сауд Арабиясы (62-86) мен Иранға (60-86) жол берген.

Жалпы Азиада тарихында еліміздің ерлер құрамасы 1994 жылдан бері қола медаль үшін 3 рет ойнап, тек біреуінде – 2002 жылы Пусандағы (Оңтүстік Корея) жеңіске жеткен. Соның екеуінде Филиппинмен сынға түссе (1-1), ал 2014 жылы Инчхонда Жапониядан 72-76 есебімен жеңілген.

Алдыңғы, Джакартадағы ойындардағы алғашқы матчта Филиппинге есе жіберген (59-96). Сосын, сол бәсекенің жеңімпазы Қытайдан ұтылды (66-83). Нәтижесінде Қазақстан топтан шыға алмай, жалпы есепте 11-сатыдан көрінген. Бұл Азия ойындары тарихындағы ерлер құрамасының ең нашар нәтижесі.