29.07.2025 | 16:11

СЕМСЕРЛЕСУДЕН ҚАЗАҚСТАН ЕРЛЕР ҚҰРАМАСЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ 1/8 ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ

Тбилисиде (Грузия) семсерлесуден өтіп жатқан әлем чемпионатында сапы сайысы бойынша ерлер арасындағы командалық бәсекелер басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

1/16 айналымда Қазақстан құрамасы (Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов, Эльмир Алимжанов және Кирилл Проходов) ресейлік бейтарап мемлекет спортшыларын жеңді.

Ерлер арасында сапы жаттығуынан командалық сайыс, 1/16 финал

Қазақстан — AIN 45:35

Ертең 1/8 финалда Қазақстан құрамасы Қытаймен кездеседі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес