Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

СЕМСЕРЛЕСУДЕН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ӘЛЕМ РЕЙТИНГІНДЕ 4-ОРЫНҒА КӨТЕРІЛДІ

Ұқсас жаңалықтар

Швейцарияның Берн қаласында өткен (8-10 қараша) семсерлесуден Әлем Кубогының кезеңінен кейін рейтинг жаңарды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Осы аптадағы FIE-нің (халықаралық семсерлесу федерациясы) рейтингінде еліміздің ерлер командасы 6-сатыдан төртінші орынға жоғарылады. Еске сала кетейік, Берндегі жарыста Эльмир Әлімжанов, Руслан Курбанов, Ерлік Сертай мен Вадим Шарлаимов квартеті 35 құраманың ішінде 7-орынға жайғасқан. Ширек финалға шығу үшін Париж Олимпиадасының чемпионы Мажарстан құрамасымен кездесіп, есе жіберген.

Әлем рейтингіндегі орын алдағы жарыстар кезінде жеребе тарту барысында ескеріледі.