Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

СЕМСЕРЛЕСУДЕН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Семсерлесуден Кувейтте өтіп жатқан Азия чемпионатында қылыш жаттығуында сынға түскен еліміздің әйелдер құрамасы финалда қарсыласына есе жіберді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Алғаш рет құрлық чемпионатының финалында сынға түскен командамыз Қытайдың мықты екенін мойындады. Ал жартылай финалда біздің төрттік 2 дүркін Азия чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Оңтүстік Кореяны жеңген.

Қазақстан құрамасы – Айгерім Сарыбай (Париж Олимпиадасы жолдамасының иегері), Карина Доспай, Анастасия Гулик, Жасмин Капыджы.