Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

СЕМСЕРЛЕСУДЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА УКРАИНАЛЫҚ МАМАНМЕН БІРГЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Ұқсас жаңалықтар

Семсерлесуден сапы жаттығуы бойынша халықаралық аренада жақсы өнер көрсетіп жүрген Ұлттық құрамамыз нәтижені одан сайын жақсарту мақсатында әйгілі украиналық семсерлесу маманы Александр Горбачукпен келісім-шарт жасасты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бұл маман осыған дейін Жапония құрамасын тізгіндеп, Токио Олимпиадасында командалық бәсеке бойынша чемпион атанды. Жапония Париж Олимпиадасында да жоғары нәтиже көрсетіп, командалық пен жеке сайыста да жүлдегерлер қатарына енді.