Эстонияның Отепа қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден кезекті FIS Кубогы өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бұл сында біздің Сергей Ткаченко 235.8 ұпай жинап, 4-сатыдан көрінді. Отандасымыздың үздік үштікке кіруіне 0,3 балл жетпей қалды.
Сондай-ақ ел намысын қорғаған Никита Девяткин 19-шы, Мағжан Амангелдіұлы 25-орыннан көрінді. Барлығы бұл кезеңде 30 спортшы сынға түсті.
Бұл FIS Кубогын шаңғы спорт түрлеріне жетекшілік ететін халықаралық федерация әр маусымда спортшыларға рейтинг ұпайын беру үшін апта сайын өткізеді.