Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ШАХМАТ ОЛИМПИАДАСЫ: ӘЛІШЕР СҮЛЕЙМЕНОВ КОМАНДАҒА ЖЕҢІС АЛЫП КЕЛДІ

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін 45-ші шахмат Олимпиадасында Қазақстан ерлер құрамасы Хорватия командасынан басым түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жеңістің тағдыры Әлішер Сүлейменов пен Саша Мартинович арасындағы ойында шешілді. Ұлттық құрама шахматшысы сенімді ойын мәнерінің арқасында қарсыласынан айласын асырды.

Ал қалған 3 отандасымыз (Қазыбек Нөгербек, Алдияр Аңсат пен Рамазан Жалмаханов) тең ойнады. Қазір команда еншісінде 14 ұпай бар (7 жеңіс, 3 жеңіліс).