Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ШАХМАТТАН ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСАТЫН ОЙЫНШЫЛАРЫМЫЗ АНЫҚТАЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Мажарстан астанасы Будапеште 10-23 қыркүйек аралығында шахматтан 45-ші Олимпиада өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бәсекеге ерлер арасында 196, әйелдерден 184 мемлекеттен команда (барлығы 1896 спортшы) қатысады. Шахматтан біздің Ұлттық құрама командамыз:

Ерлер: Әлішер Сүлейменов, Қазыбек Нөгербек, Денис Махнев, Рамазан Жалмаханов, Алдияр Аңсат;

Әйелдер: Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Әмина Қайырбекова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрман;

Олимпиада 9 раундтан тұратын швейцариялық ашық турнир форматында өтеді. Уақытты бақылау 40 жүріс үшін 90 минут, содан кейін ойынның қалған бөлігіне 30 минут беріледі. Бұл кезде бірінші жүрістен кейін келесісіне 30 секунд беріледі.

Айта кетейік, бүкіләлемдік шахмат Олимпиадасы 2 жылда бір өтеді. Осыған дейінгі доданы Үндістанның Ченнай қаласы қабылдаған. Сол кезде Қазақстан әйелдер командасы (Бибісара Асаубаева, Жансая Әбдімәлік, Гүлісхан Нахбаева, Ксения Балабаева, Назерке Нұрғали) 352 ұпаймен үздік бестікті түйіндеді. Жансая Әбдімәлік 1-тақта бойынша қола жүлдегер атанған.