13.06.2025 | 08:45
Бөлісу:
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ КОМАНДАСЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ
Бүгін Қарағанды қаласында өтіп жатқан трансплантация жасаған азаматтар мен диализ еміне жүгінетін пациенттер арасындағы дәстүрлі жарыста волейболдан үздіктер анықталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Финалда Атырау облысы мен Шымкент қаласының командасы кездесті. Аса тартысты өткен ойынның 2 сетінде оңтүстік өңірдің әуесқой спортшылары басым түсті.
Волейболдан нәтиже:
1. Шымкент қаласы
2. Атырау облысы
3. Түркістан облысы
4. Қызылорда облысы
«Биыл екінші жыл қатарынан осы жарысқа қатысып жатырмын. Бүгін өте қызық әрі қиын ойындар болды. Соған қарамастан бәрі ұнады. Сәтін салса алдағы жылдары осы турнирге тағы қатыссам деген ойым бар. Ұйымдастырушыларға рақмет»,-деді финалдан кейін Шымкент командасы сапындағы Нұрғали Өнербаев.
Айта кетейік, республикалық жарыс ертең мәресіне жетеді.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
ВОЛЕЙБОЛ: ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ҰЛТТАР ЛИГАСЫН ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ
АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ: «ҚУАНЫШ» ВОЛЕЙБОЛ КЛУБЫ 4-ОРЫН АЛДЫ
«ҚУАНЫШ» ВОЛЕЙБОЛ КЛУБЫ 3-ОРЫНҒА ТАЛАСАДЫ
ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР 3-ОРЫНҒА ТАЛАСАДЫ
Challenge Cup: Қазақстан күміс жүлдеге ие болды
Қазақстан құрамасы финалда!