18.06.2025 | 13:09

СОФИЯ АКТАЕВА МЕН АРТЁМ САРКИСЯН СЕМСЕРЛЕСУДЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҮЗДІК СЕГІЗДІККЕ КІРДІ

Индонезияның Бали қаласында семсерлесуден ересектер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қылыштасу (saber) жаттығуында ерлер арасында Ұлттық құрама сапынан үздік нәтижені Артём Саркисян көрсетті (7-орын).

Қалған спортшылардың көрсеткіші:

Жанат Нәбиев 20-орын

Бақдәулет Құралбекұлы 31-орын

Назарбай Саттархан 36-орын

Ал семсерлесу бағдарламасында (foil) әйелдер арасында отандастарымыздан София Актаева 8-сатыға табан тіреді.

Қалған спортшылар нәтижесі:

Күлжан Түсіпбекова 28-орын

Алёна Гноева 31-орын

Енді бүгін ерлер семсер, әйелдер қылыш дисциплинасында сынға түседі. Айта кетейік, биылғы чемпионатқа 24 елден 441 спортшы қатысып жатыр (248 ер, 193 әйел). Бәсеке 23 маусымда аяқталады.

Фото: Халықаралық семсерлесу федерациясы.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес