Алматы облысындағы Александр Асанов атындағы стенд ату клубында Азия Кубогы аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Биылғы бәсекеде 14 мемлекеттен келген 200-ден астам стенд ату шебері бақ сынады. Қазақстан құрамасы скит және трап бағдарламадасын қосқанда 14 медаль (6 алтын, 3 күміс, 5 қола) еншіледі.
Алтын, «Скит» - Әсем Орынбай
Алтын, «Скит» - Эдуард Ещенко
Алтын, «Скит» жасөспірімдер арасында – Никита Моисеев
Алтын, «Скит» әйелдер командасы – Әсем Орынбай, Зоя Кравченко, Адель Садақбаева.
Алтын, «Скит» ерлер командасы – Эдуард Ещенко, Давид Почивалов, Илья Пеньков
Алтын, «Скит» аралас жұптық сын – Әсем Орынбай, Эдуард Ещенко
Күміс, «Трап» - Әлішер Айсалбаев
Күміс, «Трап» Қазақстан ерлер командасы – Әлішер Айсалбаев, Марк Почивалов, Виктор Хасянов
Күміс, «Дубль-трап» ерлер арасында – Әлішер Айсалбаев, Владлен Калимулин, Артем Чикулаев
Қола, «Трап» ерлер арасында – Марк Почивалов
Қола, «Скит» ерлер арасында – Давид Почивалов
Қола, «Трап» әйелдер арасында – Айжан Досмағамбетова
Қола, «Дубль-трап» – Владлен Калимулин
Қола, «Трап» Қазақстан әйелдер командасы – Айжан Досмағамбетова, Карина Почивалова, Анастасия Прилепина.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.