Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ТАМЕРЛАН ТІЛЕУЛЕС ПЕН НҰРБЕК ҒАЗЕЗ САУД АРАБИЯСЫНДАҒЫ ТУРНИРДЕ ТОП ЖАРДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Сауд Арабиясының Мекке қаласында WT таеквондодан Корольдіктің ашық чемпионаты өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Биыл 49 клубтан жиналған 500-ге жуық татами шеберінің арасында Ұлттық құрама спортшылары да бар. Бұл қатарда Тамерлан Тілеулес пен Нұрбек Ғазез 5 жекпе-жектен өткізіп, өз салмағында топ жарды.

Тамерлан (58 кг) жарыс қожайыны әрі Азия чемпионы Рияд Хамдиден, ал Нұрбек (63 кг) Олимпиаданың 2 дүркін жүлдегері тунистік Мұхаммед Халил Жендубиден басым түсті.

Айта кетейік, қос отандасымыз Алматы қаласындағы SC Dostar клубында жаттығады.