Бэйчжи өзенінің оңтүстік жағасында орналасқан Фуян су спорты түрлері орталығында Азия ойындары кезінде 30 алтын медаль өз иесінің қолына тиеді. Оның 14-і ескек есуден, 12-сі каноэ қайығындағы спринтте, қалағн төртеуі каноэ мен байдаркадағы слалом бағдарламасында.
Кешенді салып болған бетте жарыс қожайыны Қытай мұнда көктемгі ел чемпионатын өткізді. Сол сында олар Германияның Дуйсбург қаласында (23-27 тамыз) өтетін каноэ мен байдаркадағы әлем чемпионаты мен Ханчжоудағы Азиадаға (23 қыркүйек пен 8 қазан) қатысатын спортшыларын іріктеді.
Нақты құрлық Олимпиадасы кезінде жоғарыда айтылған ескек есуден 14 жүлде жиынтығы 20-25 қыркүйек аралығында сарапқа салынады. Ал 30 қыркүйек пен 3 қазан күндері каноэ-спринттен 12 медаль жиынтығы, сосын 5-7 қазан аралығында қалған 4 жүлде жиынтығы каноэ-слаломда үлестіріледі.

Айтпақшы, осы Чжэцзян провинциясында каноэ мен байдаркада ескек есуден 2004 және 2008 жылғы Олимпиадада жеңімпаз атанған Мэн Гуаньлин туып өскен.