20.05.2025 | 15:36
Бөлісу:
U22 АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ: 11 БОКСШЫ АЛТЫН ЖҮЛДЕГЕ ТАЛАСАДЫ
Бокстан Коломбода (Шри-Ланка) өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында жастар санаты бойынша ерлер арасындағы финалистер белгілі, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Рингке бірінші шыққан 63,5 келідегі Мұхит Нұрқабылұлы Сауд Арабиясының өкілі Зияд Алшехриді 2-раунд аяқталмай жатып, техникалық нокаутпен жеңді.
67 келідегі Сұлтан Тұрдалы да жекпе-жекті соңына дейін жеткізбеді. Төреші Сауд Арабиясының спортшысы Райан Аважи қайта-қайта жойқын соққыларды қабылдаған соң, 2-раундта кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды.
75 келіде Жасұлан Бердалы мен жарыс қожайыны Санджит Перераның жекпе-жегі 1 жарым минутқа ғана жалғасты. Жанкүйерлердің қызу қолдауымен Санджит алғашқы секундта алға ұмтылғанымен, жерлесіміз қарсыласын бірден сабасына түсірді.
80 келіде Игорь Соловьев бейтарап ретінде сынға түскен Абхишек Сингхқа мүмкіндік қалдырмады. Отандасымыздың 2-раундта бүйірден жасаған соққысынан кейін қарсылас қалыпқа келіп үлгермеді. Техникалық нокаут.
86 келіде Нұрсұлтан Қыстаубай қырғызстандық Әзірет Автандиловпен жұдырықтасты. Терезесі теңдей өткен айқаста төрешілер ұзақ уақыт ойланып, ақыры 2:3 есебімен жеңісті қырғыз өкіліне берді.
+92 келіде Бексұлтан Қайратұлы БАӘ өкілі Орхан Агаевпен кездесті. Алғашқы раундта қарсылас лас айқасқаны үшін, төреші бір ұпайын шегеріп тастады. Бірақ қалған уақытта жерлесімізге оңай соқпады. Тек 3:2 есебімен ғана басым түсті.
Енді 11 боксшымыз финалда бақ сынайды.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
БОКСТАН ҚАЗАҚСТАН ЕРЛЕР ҚҰРАМАСЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА 4 АЛТЫН МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ
НАТАЛЬЯ БОГДАНОВА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ
НАЗЫМ ҚЫЗАЙБАЙ ЛИВЕРПУЛЬДЕГІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ФИНАЛЫНДА