Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Велошабандоздар топтық жарыста жүлдесіз қалды

Ұқсас жаңалықтар

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында әйелдер арасында велоспорттан топтық жарыс өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бұл сында Ұлттық құрама спортшысы Рината Сұлтанова мәреге 17-ші (3:36:07 секунд), ал Махаббат Үмітжанова 18-ші (3:36:07 секунд) болып келді.

Мәреге 20 велошабандоз бірдей жетіп, жүлдегерлер фотофиништің көмегімен анықталды. Ян Цяньюй Гонконгқа алтын сыйласа (3:36:07), тас жолдағы велоспорттан Азиаданың 3 дүркін чемпионы, Азия чемпионатының 4 дүркін жеңімпазы, басты фаворит На А Рым (Оңтүстік Корея) күміс, Ютатип Манипхан (Таиланд) қола жүлдегер атанды.

Финалда барлығы 28 атлет 139,7 шақырымды жүріп өтті.

Айта кетейік, кеше Рината Сұлтанова жекелей сында 3-орын алған. Осылайша, ол сары құрлық ойындарында тас жолдағы жарыста әйелдер арасында жүлде алған тұңғыш қазақстандық атанған.