08.04.2025 | 16:22
Бөлісу:
VI ЖАСТАР ОЙЫНДАРЫ: ЕЛОРДАДА ГАНДБОЛШЫЛАР БАС ЖҮЛДЕНІ САРАПҚА САЛАДЫ
Астанада қол добынан Қазақстан VI Жастар ойындары басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
7-13 сәуір аралығында өтіп жатқан жарыста 2004 жылғы қыздардан құралған жеті командалар жүлдеге таласуда. Олардың арасында Астана қаласы, Шымкент қаласы, Павлодар облысы, Түркістан облысы, Ақтөбе облысы, Қарағанды облысы, Қызылорда облысы бар.
2021 жылмен салыстырар болсақ, облыстардың саны әжептәуір азайған. Бірақ жүлдеге таласушылардың қатарына Павлодар облысының кіргенін де атап кеткен жөн.
Естеріңізге сала кетейік, ақпан айында бастау алған VI жастар ойындары қазан айына дейін жалғасады. Төрт жылда бір өтетін дүбірлі додада еліміздің барлық өңірінен жиналған жастар спорттың 34 түрі бойынша сынға түседі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
ҚОЛ ДОБЫНАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ СИНГАПУРДЫ ІРІ ЕСЕППЕН ЖЕҢДІ
ГАНДБОЛДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫН ҚАЗАҚСТАН ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ
ҚОЛ ДОБЫ: «ҚАЙСАР» КЛУБЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Ұлттық құрама алғашқы ойында қарсыласқа есе жіберді