Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Чемпион шешуші ойында анықталады

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін Астана қаласында классикалық шахматтан әлем чемпионы атағы үшін таласып жатқан ресейлік Ян Непомнящий мен қытайлық Дин Лижэнь арасындағы 13-партия тең аяқталды. Енді жеңіпаз шешуші, 14-кездесуде белгілі болады. Қазір есеп: 6,5 – 6,5.

Осы матчта Ян Непомнящий ақ, ал қарсыласы қара тастармен ойнады. Шешуші кездесу сенбі, 29 сәуірде елорда уақытымен 15:00-де басталады.

Егер шахматшылар тағы кім мықтыны анықтай алмаса (7:7), блицтен тай-брейк ойнайды. Яғни, 25 минут болатын, әр жүріске 10 секундтан берілетін 4 партия. Есеп ол кезде де тең болса, 5 минуттан әр жүріске 3 секунд берілетін 2 партияда жеңімпаз анықталады. Ары қарайғы формат алғашқы жеңіске дейін (3+2).

Бұл финалдың жүлде қоры – 2 миллион еуро. Жеңгені осы қаржының 60%-ын алса, 2-орын алған гроссмейстер қалғанына ие болады.