12.09.2025 | 18:53
Бөлісу:
ЗАГРЕБ-2025: ЕРКІН КҮРЕСТЕН ҚАЗАҚ ПАЛУАНДАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚАРСЫЛАСЫ АНЫҚТАЛДЫ
Ертең Хорватия астанасы Загребте күрес түрлерінен ересектер арасындағы әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Назарыңызға еркін күрестен Қазақстан құрамасы спортшыларының алғашқы белдесудегі қарсыласын ұсынамыз. Жеребе нәтижесі мынадай:
57 кг, іріктеу:
Әділет Әлмұхамедов – Арыйан Тютрин (UWW)
61 кг, іріктеу:
Асылжан Есенгелді – Нилс Леутер (Швейцария)
65 кг, іріктеу:
Начын Куулар – Тао Вэй (Қытай)
70 кг, 1/8 кезең:
Нұрқожа Қайпанов – Питер Дюк (АҚШ) немесе Чен Сюан (Қытай)
74 кг, 1/16 кезең:
Әлібек Әбдіқасым – Мурад Курамагомедов (Мажарстан)
79 кг, іріктеу:
Болат Сақаев – Ибрагим Метехан Япрак (Түркия)
86 кг, іріктеу:
Азамат Дәулетбеков – Паулюс Лескаускас (Литва)
92 кг:
Камил Куруглиев – Хуа Же (Қытай)
97 кг, іріктеу:
Ризабек Айтмұхан – Магомед Курбанов (UWW)
125 кг, іріктеу:
Әлішер Ерғали – Ален Хубулов (Болгария).
Ертең, 13 қыркүйекте 61, 70, 86 және 125 кг дейінгі салмақтағы іріктеу өтіп, финалистер анықталады. Елімізде әлем чемпионатын Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
КАМИЛЬ КУРУГЛИЕВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА МЕДАЛІ ҮШІН КҮРЕСЕДІ
НҰРҚОЖА ҚАЙПАНОВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕСІ ҮШІН КҮРЕСЕДІ