Спорттық гимнастикадан Ұлттық құрама спортшысы Зейнолла Ыдрысов Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде топ жарды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ол тұтқалы ат снарядындағы жаттығуын қатесіз орындады.