Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Жасөспірімдер арасындағы Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасы: 2-күннің нәтижесі

Ұқсас жаңалықтар

Нидерланд Корольдігінің Эйндховен қаласында жасөспірімдер арасында Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бүгін жарыстың 2-күні еліміздің 2-тобы (Ерғали Сүлеймен, Сауат Нұрғалиев, Бексұлтан Молдағали, Аяулым Қалдарова) Әзербайжаннан келген құрбы-құрдастармен ойнап, тең түсті. Есеп: 2-2. Қарсылас команда сапында Риад Самедов, Хаган Ахмедов, Джахандар Азадалиев пен Нармин Абдинова шеберлік байқасты.

Ал жоғарғы тақтада тұрған Қазақстан-1 тобы Үндістанды сенімді жеңіп (3-1) басымдығын сақтап қалды. Алайда түстен кейін көш басында келе жатқан Қазақстан-1 Мажарстанмен (5-орындағы) тең түсіп (2-2), Қытай және Нидерланд құрамасының (екеуінде де 3 ұпайдан) алға суырылып шығуына мүмкіндік беріп қойды.