11.05.2025 | 19:04
Бөлісу:
ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ БОКСТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА 1 КҮН ҚАЛДЫ
Ертең бокстан 22 жасқа дейінгі және жастар арасындағы Азия чемпионаты (ASBC) басталады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Шри-Ланка астанасы Коломбода өтетін дүбірлі додада Қазақстан құрамасы ерлер және әйелдер арасындағы барлық салмақта толық құрамда бақ сынайды. 2 аптаға жалғасатын сары құрлық бәсекесінде 23 елдің спортшылары өзара мықтыны анықтайды.
Айта кету керек, U-22 құрамасының бапкер әрі кеңесшісі – Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев. Оның шәкірттері – 2003, 2004, 2005 және 2006 жылдары өмірге келген жас былғары қолғап шеберлері. Әйелдер құрамасын ұлттық құрама бапкері Елдос Сайдалин бастап барды. Ал жастар құрамаларына (2007–2008 жылы туғандар) белгілі спорт шеберлері, бүгінде жаттықтырушылар қатарында жүрген Максат Бақтыбазаров пен Жангелді Ахметов жетекшілік етеді.
Азия чемпионаты 12–24 мамыр аралығында өтеді. Финалдар 22 және 23 мамыр күндеріне жоспарланған. Жеңімпаздар ұйымдастырушылар тарапынан 1 000 АҚШ доллар, күміс жүлдегерлер – 500, ал қола медаль иегерлері – 250 доллардан сыйақы алады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
БОКСТАН ҚАЗАҚСТАН ЕРЛЕР ҚҰРАМАСЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА 4 АЛТЫН МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ
НАТАЛЬЯ БОГДАНОВА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ
НАЗЫМ ҚЫЗАЙБАЙ ЛИВЕРПУЛЬДЕГІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ФИНАЛЫНДА