Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

КЁРЛИНГТЕН ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМАСЫ ФИЛИППИННЕН БАСЫМ ТҮСТІ

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін кёрлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы Харбиндегі қысқы Азия ойындарында кезекті ойынын өткізді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Филиппин командасымен болған тартысты матч біздің пайдамызға аяқталды. Есеп: 5-4.

Команда сапында Тылсымай Аллиярова, Мерей Тастемір, Ангелина Эбауер, Екатерина Колыхалова (Регина Эбауер резервте) өнер көрсетті.

Айта кетейік, әйелдер құрамасы осыған дейін Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Жапонияға есе жіберіп, кеше Қытайдың Тайпейін айқын басымдықпен ұтқан. Сосын, Қытайдың мықты екенін мойындады.

Бүгін біздің кёрлинг шеберлерінің кезекті қарсыласы Қатар болады. Жартылай финалға шыққан құрамалар ертеңгі 2 ойыннан соң анықталады.

Фото: Сали Сабиров.