Келе жатқан Ханчжоудағы ХІХ жазғы Азия ойындарында еліміздің туын кімдер ұстап шығатынын білесіздер. Назарларыңызға осыған дейінгі кешенді бәсекеде осындай құрметке ие болғанын ұсынамыз.
1994 жылы – Дәулет Тұрлыханов. Грек-рим күресінен 82 келіде чемпион атанған.
1998 жылы – Ермахан Ибраимов. Бокстан 71 келіде чемпион атанған.
2002 жыл – Мұхтархан Ділдәбеков. Боксымыз аса ауыр салмақта (+91 келі) күміс жүлдеге қол жеткізген.
2006 жылы – Бақтияр Артаев. Жамбылдық шаршы алаң шебері 75 келіде күміс жүлдеге ие болған.
2010 жылы – Серік Сәпиев. Бокстан 69 келіде алтыннан алқа тақты.
2014 жылы – Әділбек Ниязымбетов. Бокстан 81 келіде чемпион атанған.
2018 жылы – Әбілхан Аманқұл. Боксшымыз 75 келіде күміс медаль жеңіп алған.