Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Əлем чемпионатында Ұлттық құрама қоржынына 2 медаль түсті

Ұқсас жаңалықтар

Италияның Ауронзо қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында байдарка мен каноэде ескек есуден əлем чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін Қазақстан құрамасының 2 өкілі тұғыр биігіне көтерілді.

Əуелі Мария Бровкова 18 жасқа дейінгілер арасындағы С-1 санатында 1000 метрге жарыста алдына жан салған жоқ. Оның уақыт көрсеткіші 4:35.01 секунд. Күміс жүлдені мажарстандық Река Саркани уысына түсірсе, үздік үштікті өзбекстандық Шохсанам Шерзодова түйіндеді.

Осыдан кейін 23 жасқа дейінгі спортшылар сынында Руфина Ысқақова мəре сызығын 2-болып кесті. Ол С-1 санатында 1000 метр жарыста мажарстандық Борька Загывайға ғана жол берді.

Жалпы биылғы бəсекеге 65 мемлекеттен 938 спортшы жиналды.