Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Ұлттық құрама 5-орынға таласады

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін волейболдан еліміздің әйелдер құрамасы Таиландтың Накхонратчасима қаласында өтіп жатқан ХХІІ Азия чемпионатында Аустралияны тай-брейкте жеңді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Есеп: 25-16, 21-25, 19-25, 25-15, 15-12.

Енді ертең Ұлттық құрама Азия чемпионатының 5-орнын Оңтүстік Корея құрамасымен сарапқа салады. Аустралия мен Үндістан 7 және 8-ші орын үшін күш сынасады. Осыдан кейін жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталады.

Биылғы чемпионатқа құрлықтағы 14 ел өз құрамасын жіберді. Осыған дейін 2019 жылы өткен додада Жапония волейболшылары топ жарған. Алдағы күндері үздік шыққан 3 құрамаға Азия атынан 2025 жылғы әлем чемпионатына қатысуға жолдама беріледі.