Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

5 МЕДАЛЬ! КАРАТЭШІЛЕР МАУСЫМДЫ АУЫЗ ТОЛТЫРЫП АЙТАРЛЫҚ НӘТИЖЕМЕН БАСТАДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін Франция астанасы Парижде аяқталған WKF каратэден Премьер-лига 1 санатындағы жарыста біздің спортшылар 5 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Әсел Қанай (61 кг) финалда жапон Сарара Шимададан  жеңіліп қалды. Тартысты жекпе-жектің есебі 4-9. Отандасымыз кеше жартылай финалда француз Лея Авазариді 5-3 есебімен ұтқан.

Ал Софья Берульцева +68 кг салмақта финалда Гран-при чемпионы, испаниялық Мария Торрес Гарсияға есе жіберді. Аса шиеленісті өткен айқас 4-5 есебімен аяқталды. Токио Олимпиадасының қола жүлдегері ақтық сынға шығар жолда Марокко және Нидерланд елінен спортшысынан басым түсті.

Сондай-ақ кумите бағдарламасында сынға түскен Мөлдір Жаңбырбай (50 кг), Қайсар Алпысбай (60 кг), Диас Анарбеков (+84 кг) қола медаль жеңіп алды.

Жалпы Премьер-лига-1 жарысына әр салмақта рейтингте үздік тұрған 32 спортшы ғана шақырту алады. Парижде 3 күн бойы 70 мемлекеттен жиналған 375 татами шебері 12 жүлде жиынтығын сарапқа салды. Келесі турнир Қытайда өтеді.