Еркін күрестен 97 кг дейінгі салмақта Париж Олимпиадасының жартылай финалында әлем чемпионы, Ханчжоудағы Азия ойындарының жеңімпазы Ахмед Тажудинов (Бахрейн) пен Рио Олимпиадасының чемпионы, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, 3 дүркін әлем чемпионы және 2 мәрте күміс жүлдегері Кайл Снайдер (АҚШ) күш сынасты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Аса тартысты өткен белдесуде Бахрейн палуаны қарсыласын сенімді жықты. Есеп: 6-4.
Енді ертең отандасымыз Әлішер Ерғали жұбаныш белдесуіне қатысып, қола жүлдеге таласады. Әуелі ирандық Әли Әмір Азарпирамен күреседі. Ал қола медаль жолында Кайл Снайдерге қарсылас болады.
Фото: Сали Сабиров.