Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

АСЫЛЖАН ЕСЕНГЕЛДІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҰБАНЫШ БЕЛДЕСУІНЕ ҚАТЫСАДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Еркін күрестен Ұлттық құрама спортшысы Асылжан Есенгелді (-60 кг) Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан әлем чемпионатында жұбаныш кезеңіне қатысады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Отандасымыз ширек финалда Олимпиада чемпионы, 3 дүркін әлем чемпионы Заур Угуевқа (UWW) есе жіберген. Кешкі сессияда Угуев америкалық спортшыдан басым түсіп, финалға шықты. Осылайша, Асылжан қола медаль үшін таласқа қосылды.

Айта кетейік, -61, -70, -86, 125 кг салмақтың жүлдегерлері ертең түнде анықталады.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.