Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Биатлоншы Александр Мухин Универсиаданың күміс жүлдегері атанды

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін отандасымыз Александр Мухин биатлоннан 15 шақырым масс-стартта қысқы Универсиаданың күміс жүлдесіне қол жеткізді. Бұл Қазақстан қоржынына түскен сегізінші медаль.

Ол нысана көздеу кезінде төрт рет мүлт кетіп (0+2+2+0), жеңімпаз француз Аксель Гарньеден 24.8 секунд қалып кетті. Қола норвег биатлоншысы Эрьян Мосенгке бұйырды.

Жарыс жолына шыққан қалған қазақстандықтардан Кирилл Бауэр – төртінші, Вадим Куралес – жетінші, Бекентай Тұрлыбеков 19-орынға тұрақтады.

Биатлон. Ерлер

Масс-старт, 15 км.

1. Аксель Гарнье (Франция) — 39:53.7 (1+0+0+0)

2. Александр Мухин (Қазақстан) — +24.8 (0+2+2+0)

3. Эрьян Мосенг (Норвегия) — +32.3 (0+2+2+1)

4. Кирилл Бауэр (Қазақстан) — +53.6 (0+0+2+0)

7. Вадим Куралес (Қазақстан) — +1:13.5 (0+1+2+1).