16.09.2025 | 14:21
Бөлісу:
БИБІСАРА АСАУБАЕВА FIDE GRAND SWISS ТУРНИРІНІҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
Шахматшы Бибісара Асаубаева Өзбекстанның Самарқан қаласындағы FIDE Grand Swiss and FIDE Women’s Grand Swiss 2025 турнирінде әйелдер арасында үздік үштікке кірді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Отандасымыз шешуші турда Анна Музычукпен тең ойнап, мүмкін болған 11 ұпайдың 7,5-ін жинады.
Әйелдер арасындағы жүлдегерлер:
1. Вайшали Рамешбабу 8 ұпай (Үндістан)
2. Екатерина Лагно 8 ұпай (FIDE)
3. Бибісара Асаубаева 7,5 ұпай (Қазақстан)

Мұнда Вайшали мен Екатерина әлем чемпионына үміткерлер турниріне жолдама алды.
Айта кетейік, турнир 4-15 қыркүйек аралығында Самарқандағы «ЭКСПО» көрме орталығында өтті. Ерлер арасындағы ашық сында 116, әйелдер арасында үздік 56 ойыншы бақ сынады. Жалпы жүлде қоры – 855 000 АҚШ доллары. Оның 625 000 доллары ашық турнирде, 230 000 доллары әйелдер арасында үлестірілді.
Фото: FIDE.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
АЛУА НҰРМАН — БЛИЦ ШАХМАТТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ
АЛДИЯР АҢСАТ – ШАХМАТТАН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
ҚАЗЫБЕК НӨГЕРБЕК ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ