Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ДӘУЛЕТ ЕРГЕШ ПЕН НАЧЫН КУУЛАР ЖҰБАНЫШ БЕЛДЕСУІНДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Ұқсас жаңалықтар

Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан еркін күрестен Азия чемпионатында 2 палуанымыз қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Начын Куулар (70 кг) жұбаныш белдесуінде өзбекстандық бозкілем шеберін ұтты. Есеп: 4-3. Кешке Ұлттық құрама спортшысы әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2024 ж) Иошинасуке Аоягимен кім мықтыны анықтайды.

Ал Дәулет (79 кг) Түркменстан өкілі Какамират Ашировты ойсырата ұтты. Оның кешке кіші финалдағы қарсыласы - Тәжікстан спортшысы.

Өкінішке қарай, Нұрсұлтан Садық (65 кг) жұбаныш кезеңінде солтүстік корея спортшысына есе жіберді (2-5.

Сондай-ақ жартылай финалда жеңілген отандасымыз Рахат Қалжан (57 кг) Ирак өкілімен 3-орынды сарапқа салады.  Кешке финалдар Астана уақытымен 20:00-де басталады. Елімізде чемпионатты Qazsport пен Sport + телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.