Бүгін Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында (U23) еркін күрестен жарыс басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бозкілемге шыққан 5 салмақтағы спортшымыз мына қарсыласына жол берді.
61 кг, 1/8 айналым:
Әділет Әлмұхамедов – Ибраһим Махди Хари (Иран). Есеп: 1-11.
86 кг, іріктеу:
Нұржан Исағалиев – Аарон Айзеров (Израиль). Есеп: 5-15.
92 кг, іріктеу:
Бекзат Аманғалиев – Мұса Арсункаев (Мажарстан). Есеп: 6-16.
74 кг, 1/8 айналым:
Мұрат Жақыпов – Митчелл Мезенбринк (АҚШ). Есеп: 2-6.

125 кг, 1/8 кезең:
Омархан Нәдіров – Ален Хубулов (Болгария). Есеп: 2-6.

Егер жартылай финалда қазақстандықтарды жеңген спортшылар финалға шықса, отандастарымыз ертеңгі жұбаныш кезеңіне қатысады.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.