Бүгін Бішкекте Қожамқұл Қабаұлы мен Ратбек Санатбаев атындағы күрестен рейтингтік турнир аяқталды. Шешуші жарыс күні еркін күрестен Ұлттық құрама 1 күміс, 4 қола медальге қол жеткізді.
Сырбаз Талғат (70 кг) аса тартысты финалда қырғыз балуаны Орозобек Токтомамбетовке есе жіберді. Есеп: 3-2.
Ал Мейрамбек Қартбай (57 кг), Жігер Закиров (79 кг), Азамат Дəулетбеков (86 кг) қола жүлдеге ие болды. Айта кетейік, кеше еркін күрестен 97 кг дейінгі салмақта Нұрсұлтан Азов қола алған.