27.03.2025 | 01:02
Бөлісу:
ГРЕК-РИМ КҮРЕСІ: ҚАЗАҚСТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫН 4-ОРЫНДА АЯҚТАДЫ
Осымен грек-рим күресінен Иордания астанасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан қоржынында 2 күміс, 2 қола медаль бар, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жүлдегерлер:
Күміс – Омар Сатаев (82 кг), Әлімхан Сыздықов (130 кг)
Қола – Ибрагим Магомадов (77 кг), Шамиль Ожаев (87 кг)
Ұпай саны бойынша жалпыкомандалық есеп:
1. Иран құрамасы (201 ұпай)
2. Өзбекстан құрамасы (168)
3. Жапония құрамасы (131)
4. Қазақстан құрамасы (98 ұпай)
5. Қытай (97 ұпай)
Айта кетейік, алтын алған спортшыға 25 ұпай, күміске 20, қолаға 15 балл есептеледі. Былтыр Бішкекте өткен Азия чемпионатында грек-рим күресінің шеберлері 1 алтын, 2 күміс, 1 қола олжалаған.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: