Бүгін Тараз қаласындағы «Тараз Арена» спорт кешенінде күрес түрлерінен Қазақстан Кубогы басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Алғаш болып бозкілемге грек-рим күресінің шеберлері шығып, кешке дейін 5 салмақта кім мықтыны анықтайды. Жарысқа жуырда Тиранада өткен әлем чемпионатының жүлдегерлері қатыспайды.
Кубоктың ресми ашылуы бүгін кешке 17.30-да өтеді.
Тікелей эфир сілтемесі: